Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Білім тарату

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру инфрақұрылымды жаңғырту мен энергия үнемдеу жұмыстарының, іс-шараларының тиімділігін арттыру бөлігінде халық, коммуналдық кәсіпорындардың және бизнес-құрылымдардың мамандары сияқты ТКШ нарығының барлық қатысушылары тарапынан белсенді іс-қимылды қажет етеді.

Бұл үшін барлық ТКШ субъектілерін, әсіресе халықты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау міндеттері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық қамтамасыз ету, жүргізіліп жатқан энергия үнемдеу саясатын оң қабылдауын қамтамасыз ету қажет. Аталған жұмысты бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік құрылымдарды (ЖАО, даму институттары, салалық қауымдастықтар, ҒӨҰ, жоғары оқу орындары және т.б.) ескере отырып, тұрақты және жүйелі негізде жүргізу үшін «Энергия үнемдеу және білім тарату орталықтары» құрылып жатыр.

Білім тарату орталықтарын құрудың мақсаты – энергия және ресурс үнемдеу технологиялары мен энергия үнемдеу жөніндегі қосымша қызметтерді алға жылжыту арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу, ТКШ саласындағы мамандардың кадрлық әлеуеті мен Қазақстан өңірлері халқының ақпараттандырылу деңгейін арттыру.

Энергия үнемдеу және білім тарату орталықтарына мынадай міндеттер қойылған:

- өңірлерде энергия үнемдеу саясатын қалыптастыруда және оны алға жылжытуда жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу;

- ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу арқылы өңірлік деңгейде энергия үнемдеу саясатын насихаттау;

- энергия және ресурс үнемдеу мәселелері бойынша жүйелі негізде оқу-білім беру іс-шараларын жүргізу, оның ішінде БАҚ-пен жұмыс істеу;

- терможаңғыртуды қоса алғанда, тұрғын үйді күрделі жөндеу жобаларын іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға, қаржы ұйымдарына, ПИК-терге, пәтер иелеріне жәрдемдесу;

- өңірлерде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жобаларының алға жылжуына жәрдемдесу.

Қызметі мен басқарудың негізгі қағидаттары.

Қызметінің алғашқы сатысында (1-1,5 жыл) Орталыққа аяғынан тұруы және өзара іс-қимыл механизмдері жолға қойылып, бірте-бірте өз-өздерін қаржыландыру деңгейіне жеткенге дейін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ тарапынан жәрдем көрсетілетін болады. Білім тарату орталықтарының одан кейінгі қызметінде барынша өзекті және тиімді қызметтерді, тауарлар мен технологияларды алға жылжыту негізінде өзін-өзі жабу қағидаты көзделген.

Алдағы уақытта аталған бөлімшенің шаруашылық функциялары «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның филиалдары мен өңірлік бөлімдеріне бірте-бірте өтуі тиіс, ал Астана қаласындағы орталық аппарат өзіне тек стратегиялық басқару функциясын қалдыруы қажет. Бұл ретте, орталық аппараттың штаттық саны бірте-бірте қысқара бермек, ал филиалдар мен өңірлік энергия үнемдеу орталықтарының әлеуеті өсуімен қатар олардың штаттық кестесі де ұлғаяды.

 

Алғашқы Энергия үнемдеу және білім тарату орталығының ашылуы (Астана қ.)

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында Энергия үнемдеу және білім тарату орталығы құрылды.

2011 жылғы 14-25 қазан аралығында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ лекторларының қатысуымен С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Энергетикалық факультетінің 1 және 4-курс студенттері үшін энергия тиімділігі туралы білім деңгейін арттыру жөнінде түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренингтер өткізілді.

Сонымен бірге, 2011 жылғы 26 қазанда Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің 1-курс студенттері және 2011 жылғы 6 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Инженерлік-құрылыс» факультетінің «Жылу-газбен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша 4-курс студенттері үшін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ лекторларының қатысуымен энергия тиімділігі және тұрмыстағы энергия үнемдеу туралы білім деңгейін арттыру жөнінде түсіндірме семинарлары мен лекциялары өткізілді.

Оқытылатын студенттер назарына ғимараттарға жүргізілген энергетикалық зерттеулер нәтижелері бойынша таныстыру материалдары мен баяндамалары берілді, энергия үнемдейтін, жылу үнемдейтін техникалық шешімдер, ТКШ саласындағы жаңа технологиялар туралы мәліметтер және т.б. ұсынылды.

Энергия үнемдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында студенттер тарапынан туындаған сұрақтар, проблемалы мәселелер бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметкерлері ақпараттық-консультациялық ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, тыңдаушы студенттерге «Жылумен жабдықтауда энергия тиімділігін арттыру»  буклеті және «Жастар арасында энергия тиімділігі туралы білім деңгейін арттыруға арналған әдістемелік құрал» сияқты үлестіру материалдары ұсынылды.

 

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты инновациялық дамыту департаментінің

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру.
  2. 2012 жылғы қараша айына дейін ТКШ саласындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі ішкі, салалық жоспарды әзірлеу.