Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Басқарма төрағасының блогі

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков

Экономика ғылымдарының докторы

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.
1981 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Жаңаарқа орта мектебін алтын медальмен, 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (Алматы қ.) үздік бітірсе, 1992 жылы Ауыл шаруашылығын электрлендірудің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты (Мәскеу қ.) аспирантурасының күндізгі бөлімін, 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдаған. Инженер-механик, инженер-зерттеуші, заңгер. Экономика ғылымдарының докторы, қырықтан аса ғылыми жарияланымның авторы.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында кіші ғылыми қызметкер лауазымынан бастаған.

1987-1989 жылдары Жаңаарқа ауыл шаруашылығын механикаландыру және материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорнында аға инженер-технолог болып жұмыс атқарды.

1989-1992 жылдары – АШЭБИ (Мәскеу қ.) аспиранты.

1992-1999 жылдары кәсіпкерлік құрылымдарды, Жезқазған қаласындағы облыстық Шағын бизнесті қолдау орталығын басқарды.

1999-2002 жылдары Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау, АӨК мен ауылдық аумақтарды дамыту, Кедендік-тарифтік саясат және БСҰ, Ауыл шаруашылығы өнімі нарықтарын реттеу сияқты бірқатар департаменттердің директоры болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасы.

2009 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2009 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

2009 жылдың желтоқсан айынан бастап 2011 жылға дейін – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2011 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.