Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде?

Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеудің қалыптасып отырған практикасы инновацияларды кеңінен қолдануға септігін тигізбейді. Бұл нормативтік-техникалық құжаттаманың әлемдік ғылым мен техникада орын алып жатқан өзгерістерге кешігіп бет бұруына тікелей байланысты.

Пилоттық режимде мұндай жағдайды шешу үшін 2010 жылдың маусым айынан бастап, «Мемсараптама» РМК ТКШ саласындағы жаңа технологиялар қолданылатын құрылыс жобаларына сараптама жүргізуі кезінде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның сараптамалық қорытындысын алу талап етілді.

Тиісінше, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның мұндай қорытынды беруі үшін тиісті регламенттеуші құжаттар әзірленді. Онда өтінімдердің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар белгіленіп, жаңа технологияларға ішкі және сыртқы сарапшылармен бағалау жүргізу, сондай-ақ Ғылыми-техникалық кеңестің шешім қабылдау тәртібі анықталды.

2010-2011 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың түрлі салаларындағы 19 технологияны (10 шетелдік, 9 отандық технология) қарап, Қазақстан аумағында енгізуге ұсыныс бердік.

Арада бір жарым жыл өткеннен соң ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі (Агенттік) Агенттіктің инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған ведомстволық жоспары шеңберінде құрылыс үшін де, ТКШ үшін де инновациялық технологияларды қолдану бөлігінде жобаларға техникалық-технологиялық сараптама жүргізудің жалпы қағидасын бекіту туралы шешім қабылдады.

Осының арқасында, нормативтік-техникалық құжаттамада жоқ болса да, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жаңа техникалық шешімдерді қолдану мүмкіндігі туды.

Сонымен бірге, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ білім тарату механизмдері арқылы қызығушылық танытқан тұлғаларға инновациялық әзірлемелер туралы ақпарат жеткізуде.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өткен жылдан бері бүкіл республика бойынша міндетті түрде инновациялық өнімдерді таныстыра отырып, тақырыптық конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіп келеді. Бұларға тыңдаушылар ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың түрлі өкілдері – кондоминиум объектісін басқару органдарының, сервистік компаниялар мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Баяндамашылар ретінде сала үшін тиімді техникалық идеялар мен шешімдер ұсына алатын компаниялар шақырылады.

Осы бағыт аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында өз алдына энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологиялары мен материалдарын таныстыруға және оларды ілгерілетуге арналған алаңқайлар болып табылатын үш энергия тиімділігі орталығын салу болып отыр.

Аталған орталықтарда ғимараттардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін озық энергия тиімділігі технологиялары мен материалдары орнатылатын болады. Сондай-ақ, мұнда энергия үнемдеу секторындағы ең мықты отандық және шетелдік лекторларды тарта отырып, жаңа технологиялар мен басқарушылық шешімдерге үйрету жолымен құрылыс және ТКШ саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі.