Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Ғылыми-техникалық кеңес

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы»

АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі (консультациялық-кеңестік орган)

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Ғылыми-техникалық кеңесі Агенттіктің дамыту және инновацияларды енгізу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған ведомстволық жоспарының шеңберінде 2012 жылы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инновациялық технологияларды қолдану бөлігінде жобаларға техникалық-технологиялық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы шешім қабылдады.

Агенттіктің аталған шешімі бойынша «ТКШД ҚазҒТО» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі 2010 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңа технологиялар қолданылатын құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде техникалық-технологиялық шешімдерге бағалау жүргізе бастады.

Бүгінгі күні «ТКШД ҚазҒТО» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті құруды тапсырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инновациялық қызметті көпке танытуға арналған өнімділік пен инновациялардың салалық орталығы болып табылады.

 Ғылыми-техникалық кеңес қызметінің негізгі бағыттары

Мақсаты:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы бірыңғай ғылыми-техникалық, инвестициялық және инновациялық саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Міндеттері:

-белгіленген тәртіпте ғылыми-техникалық, инвестициялық және инновациялық жобаларды/бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу мүмкіндігі бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқармасы үшін ұсынымдар әзірлеу;

-халықаралық тәжірибені қорыту негізінде, оның ішінде Технологиялық Форсайт және өнеркәсіп сұранысы бойынша салалық ҒЗТКЖ мен инновациялық технологияларды дамытудың басым бағыттарын анықтау;

-салалық ҒЗИ күшімен саланың басым міндеттерін шешуге бағытталған ірі салалық жобаларды үйлестіру және ғылыми-техникалық қолдау;

-ҒЗИ мен өндіріс арасындағы өзара пайдалы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ынталандыру механизмдерін құру.

Функциялары:

-әлемдік трендтерге және салалық ғылымның қолда бар ғылыми әлеуетіне сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы ғылыми-технологиялық басымдықтарды анықтау;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-техникалық жобаларды/бағдарламаларды заңнамамен белгіленген тәртіпте қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды қарап, енгізу;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-техникалық жобаларды/бағдарламалар мен нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттама жөніндегі аралық және қорытынды есептерді бекіту туралы ұсынымдар енгізу;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта шетелдік басым технологиялар трансферті жөніндегі «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның ҒЗТКЖ нәтижелерін пайдалану бойынша ұсынымдарды қарап, бекіту;

-«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын инвестициялық, инновациялық жобалардың/бағдарламалардың, жаңа технологиялардың, жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың техникалық-технологиялық өлшемдерін бағалау;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын инвестициялық, инновациялық жобалардың/бағдарламалардың, жаңа технологиялардың, жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың саланың даму басымдықтарына сәйкес келуі, сондай-ақ белгіленген тәртіпте инвестициялық, инновациялық жобаларды/бағдарламаларды іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ға арналған ұсынымдар туралы шешім қабылдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның ғылыми-техникалық және инвестициялық, инновациялық саясатын іске асыруға қатысты өзге де функциялар.

Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері

 

Төлеутай Сатайұлы

РАҚЫМБЕКОВ

 Ғылыми-техникалық кеңес төрағасы

Экономика ғылымдарының докторы,

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Басқарма төрағасы

 

Владимир Эскандерович

АБСИМЕТОВ

Ғылыми-техникалық кеңес төрағасының орынбасары

Техника ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі,

 

 

Валерий Владимирович

СЮНДЮКОВ

«Қазақстан Су Арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары

қауымдастығының президенті

 

 

Айтмұқан Қазбекұлы

ЖҰМАБАЕВ

«Астана-Теплотранзит» АҚ

Бас директоры 

 

Жаңбыршы Есетұлы

НҮРКЕНОВ

Техника ғылымдарының кандидаты,

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі

 

Арыстан Кенжесұлы

ИМАНҒАЗИЕВ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар басқармасының бастығы

 

 

 

Ғанибек Жәнібекұлы

ОРАЗБАЕВ

ҚР Құрылыс және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі  Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бастығы

 

 

Анаркүл Төлеутайқызы

ОСПАНОВА

ҚР Құрылыс және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті Нормативтік қамтамасыз ету  басқармасының сарапшысы

  Кучин Валерий НиколаевичТехника ғылымдарының кандидаты, профессор»Темір мен мыс» ЖШС директоры 
  Шукралиев Мурат АягановичТехника ғылымдарының кандидаты,С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ энергетикалық факультетінің деканы
  Жакишев Бауыржан АйтмукашовичТехникалық ғылымдарының кандидатіС.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының доценті 
  Тлеуов Асхат ХалиловичТехника ғылымдарының докторы, профессорС.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Электр жабдықтауды пайдалану» кафедрасының меңгерушісі
  Тулегенов Шерим АжибековичТехника ғылымдарының докторы,С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ »Жылу энергетикасы» кафедра меңгерушісінің м.а.
  Кенжин Болат МаулетовичТехника ғылымдарының докторы, профессор,«Қарағанды машина құрастыру консорциумі» ЖШС директоры
 

Аманжол Әлиханұлы

АЛПЫСБАЕВ

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

 

Дамир Алтынбекұлы

ЕГІЗБАЕВ

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС бас директоры

 

Нұржан Жомартұлы

МҮСЛІМОВ

Техника ғылымдарының кандидаты, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары