Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) ТКШ саласына енгізу дайындау, енгізу және жетілдіру сияқты бірнеше сатыдан тұрады.

Дайындау сатысында мемлекет халықаралық тәжірибені зерделейді, қолданыстағы заңнаманы талдайды, МЖӘ саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты анықтап, кейде «пилоттық» жобаларды іске асыруға кіріседі.

МЖӘ-ні енгізу сатысы заңанаманы қалыптастыру, әдістемелік нұсқаулықтар мен басшылықтар әзірлеу, МЖӘ-ні қолдану саласын кеңейту және т.б. бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Жетілдіру сатысы МЖӘ саласында белсенділікті арттырумен және жобалардың күрделілік деңгейін ұлғайтумен сипатталады. Бұл саты заңнаманы, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру моделдерін одан әрі жетілдіруді көздейді.

Әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда коммуналдық саланы дамыту және жаңғырту жобаларын қаржыландыру бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылып келді және қазіргі уақытта да солай болып отыр. Бюджеттік қаражаттың шектеулілігі мен коммуналдық сектордың орасан зор инвестициялық мұқтаждықтары жеке сектордан сыртқы инвестициялар тартудың аса қажетті екендігін көрсетіп берді. Бұл ретте, мемлекет пен жеке сектор арасында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ұзақ мерзімге бекітіп беретін нақты шарттық қатынастар болуы тиіс. Жобаларды техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН), конкурстық құжаттама әзірлеу, жобаларды сараптау және оларға кейіннен мониторинг жүргізу сияқты сапалы кезең-кезеңмен жобалау жобаның институционалдық схемасын дұрыс қалыптастыруға, жобаны қаржыландыруды құрылымдауға және оны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет жалпы жұмыс нормаларын, тариф саясатын әзірлей отырып, қарапайым тұтынушылар қатарында осы саладағы жеке меншік компаниялар қызметін бақылаушы рөлін атқара алады және жекешелендіруге қарағанда бизнес ресурстарын тарта отырып, меншік құқығын жоғалтпайды.

Қазіргі уақытта «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ТКШ саласына МЖӘ-ні енгізу бойынша мынадай жұмыстар жүргізді:

1)           инвесторлар тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптерінде инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық орнатты;

2)           сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға қатысу жөнінде әлеуетті инвесторлар — WTE Group (Германия), Tahal (Израиль), Ranhill Berhad (Малайзия), АЕСОМ (АҚШ), LG international (Оңтүстік Корея) коммуналдық жүйелер операторларымен алдын-ала уағдаластыққа қол жеткізді;

3)           Тараз, Атырау, Семей, Петропавл қалаларында «Ақ бұлақ» ауыз сумен жабдықтау бағдарламасын іске асыруға қайтарымсыз негізде 1,65 млн. еуро бөлуге Еуропа қайта құру және даму банкімен меморандумға қол қойылды.

4)           Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Түркістан, Жаңаөзен қалаларында сумен жабдықтау мен су бұруды және Семей, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жақсарту мәселелері бойынша ықтимал қолдауға ие болу мақсатында Азия даму банкімен ынтымақтастықты жүзеге асыруда.
ТКШ саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің халықаралық тәжірибесі

Бүкіләлемдік банк зерттеулеріне сәйкес әлемдік тәжірибеде сумен жабдықтау секторында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мынадай үш негізгі моделі қалыптасқан:

«Голландтық модель»: аталған секторда кәсіпорынды меншік иесі мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында басқару құқығын береді. Қазіргі таңда Қазақстанда нақ осы модель жұмыс істейді.

«Француздық модель»: сумен жабдықтау объектілерін басқару функциялары коммуналдық сумен жабдықтау кәсіпорнына қызмет көрсететін жеке меншік компанияға беріледі. Бұл модельде жеке секторға басқару өкілеттілігі беріледі. Бұл модель, сондай-ақ, Ресейде де пайдаланылады.

«Британдық модель»: сумен жабдықтау кәсіпорны барлық мүлкімен және жерімен жеке меншікте болады.

Бұл негізгі нысандардан басқа аралас схемалар да қолданылады, мысалы, тұрғындардың белгілі бір санатарына қызмет көрсету үшін ұсақ кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысу.