Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы

2011 — 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»

бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы 2011 — 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

 

Әзірлеудің негіздемесі  «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы

 

Әзірлеуге жауапты

мемлекеттік орган

 

 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

 

Іске асыруға жауапты

мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

 

Бағдарламаның мақсаты  Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету

 

Бағдарламаның міндеттері  Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік тәсілді енгізу. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау мен су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін салу және қайта жаңарту. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау мен су бұрудың жергілікті жүйелерін (септик салу және қайта жаңарту. Сумен жабдықтау мен су бұруды реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тиімді және рентабельді пайдалануды қамтамасыз ету. Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке меншік капиталды барынша тарту.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;

Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру. Сумен жабдықтау мен су бұру секторының жағдайына мониторинг жүйесін құру. Жер асты және жер үстіндегі су сапасының мониторинг жүйесін құру. Су шаруашылығы ұйымдарының рентабельдік жұмысын қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу. Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ мерзімді және рентабельді тарифтер белгілеу. Тұтынушыға жеткізу кезінде өндірістік емес су ысырабының деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын

іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды дамыту.

 

Бағдарламаны іске асырудың

мерзімдері мен кезеңдері

 2011-2020 жылдар

І кезең — 2011 — 2015 жылдар

II кезең — 2016 — 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, қалаларда 100 %-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100%-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

су айдындарына ағызу кезінде қалалардағы нормативтік тазаланған судың деңгейін 100%-ға дейін жеткізу;

әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі мамандандырылған пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;

жеке капиталдың қатысуымен сумен жабдықтаудың және су бұрудың пайдалану кәсіпорындарының, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде санын 20 бірлікке дейін арттыру;

суды есептеу аспаптарымен: қалаларда — 100% және ауылдық елді мекендерде — 80% қамту;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезде Қазақстанда шығарылған бұйымдар мен технологияларды пайдалану үлесін 60%-ға жеткізу;

3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету;

қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су құбырлар үшін 15 кен орнын толық барлау;

86 қала мен 6943 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;

халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

 

Қаржыландыру көздері

мен көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру 2011 жылдан — 2020 жылдар аралығында даму институттарының қаражаты, пайдалану кәсіпорындарының меншікті қаражаты, отандық

және шетелдік инвестициялар есебінен және мемлекеттік бюджетте көзделетін 1 273 859

млн. теңге қаражат шегінде, оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен -1 164 142 млн. теңге сомасында; жергілікті бюджеттер

есебінен — 109 717 млн. теңге сомасында жүзеге асырылады.

 

Мәтінді толық оқу Ақ бұлақ