Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

«Доверие.кз»

«Доверие» бағдарламалық кешені – бұл көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдаланудың қаржылық, техникалық және өзге де көріністері жайлы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін, өзектілігін және тәуелсіздігін қамтамасыз

ететін, пәтер иелерінің, ПИК және басқару компаниялардың өзара қатынастарын автоматтандырудың инновациялық құралы.

 

«Доверие» бағдарламалық кешенінің көмегімен, пәтер иесі (тұрушы) кез-келген уақытта, күндіз-түні өз басқарушы компаниясының қызметі туралы қажетті барлық ақпаратты алуына:

1)      бюджеттің атқарылуы, шығыстар құрылымы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар туралы есептерді қоса алғанда, басқарушылық есептердің барлық түрлерін алуына.

2)      кез-келген үлгілік құжаттар, өтінімдер мен анықтамалар алуына;

3)      шағым мен ұсыныстар кітабын жүргізуіне, ағымды проблемаларды талқылауға қатысуына;

4)      жалпы үй жиналыстарына және дауыс беруге қатысуына;

5)      шақырылатын мамандардың жұмысын бағалауына және олардың жұмыстарды орындау барысын бақылауына болады.