Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы?
Кредит берудің нөлдік мөлшерлемесімен жөндеуге шамамен триллион теңге айтарлықтай бюджет қаражатын бағыттап отырған мемлекет бұл шарадан қандай пайда көрмек? Ал, тұрғындардың пайдасы қандай?
Пайдасы екіжақты. Тікелей пайдасы – бұл жылуға және электр тұтынуға кететін шығындардың екі есеге дерлік төмендеуі. Өйткені, жылуды текке жоғалту азаяды. Тұрғындарға қатысты екінші пайдасы, пәтерге кез-келген жөндеу жүргізілгеннен кейін, оның нарықтық құны айтарлықтай жоғарылайды. Пәтер ішіне қандай да бір жөндеу жүргізілсе де, сатып алушы алғаш келгенде алдымен жалпы үйдің жай-күйіне мән береді.
Жекелеген әкімдіктердің ақпараты бойынша жөндеу жүргізілген үйлердегі пәтерлердің бағасы 30-40%-ға өскен. Бұл тұрғындардың жанама пайдасы. Мемлекеттің пайдасы – энергия үнемдеу көлемін айтарлықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін энергия тиімділігі технологияларын енгізуде.