Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Құрылымы


«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен

дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 Қаулысымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) құрылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 617 бұйрығына сәйкес «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – 2009 жылғы 10 қарашадағы № 35262-1901-АҚ.

Мәртебесі:

1)       Қазақстан Республикасының 5 мемлекеттік инновациялық даму институтының тізбесіне енгізілген (2009 жылғы 30 қазандағы өзгерістерімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1201 қаулысы);

2)       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік емес ғылыми ұйым ретінде аккредиттеген.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттары:

1)       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту мақсатында оның инвестициялық тартымдылығын арттыру;

2)       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық технологиялар енгізу;

3)       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың оңтайлы моделін анықтау;

4)       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кәсіптік оқытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

5)       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басқарудың заманауи әдістерін енгізу.

Миссиясы:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы оның инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуына жәрдемдесу.

Мақсаты:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың оңтайлы моделін құру.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ міндеттері:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергия және ресурс үнемдеу мәдениетін қалыптастыру;
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы энергия тиімділігінің ғылыми-технологиялық негізін қалыптастыру;
  3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
  5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кадрларының біліктілігін арттыру;
  6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың институционалдық негізін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ құрылымы:

Басқарма:

Төраға орынбасары   -  Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков;

Төраға орынбасары   — Рауан Ерұланқызы;

Төраға орынбасары   — Әлиасқар Ахметбекұлы Кенжетаев;

Төраға орынбасары  -  Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев;

Кеңесші  -  Жаңбыршы Есетұлы Нұркенов;

Аппарат басшысы — Алмас Аянұлы Алин

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ құрамына 5 департамент, 4 орталық, 1 дирекция және 3 еншілес компания кіреді.

 

Тұрғын үй шаруашылығы департаменті

Директоры – Мадина Оралбекқызы Мұрсакина

 

Коммуналдық шаруашылық департаменті

Директоры –Әскер Жангелдіұлы Шотаев

 

Жоспарлау және қаржы департаменті

Директоры –Бикен Омарханқызы Байғонақова

 

Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Директоры –Дидар Сағындықұлы Сибаев

Департаменттің міндеттері:

1)   мемлекеттік билік және басқару органдарымен, шарттар бойынша контрагенттермен, Қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, акционерлерімен және қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жүргізуде Қоғамның құқықтары мен мүдделерін қорғау;

2)   Қоғам мүлкінің сақталуын құқықтық құралдармен қамтамасыз ету;

3)   ұйымның корпоративтік этикасының маңызды бөлігі ретіндегі құқықтық мәдениетті қолдау және дамыту.

 

Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті 

Департаменттің міндеттері:

1) Қоғамды әкімшілік-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, материалдық ресурстарды пайдалануды бақылау;

2) Қоғамның ұйымдастыру-кадрлық қызметін жүзеге асыру;

3) құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;

4) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру;

5) ) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру;

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастырып, енгізу;

7) Қоғамды автокөлік құралдарымен қамтамасыз ету.

 

Энергия тиімділігі объектілерінің құрылысы дирекциясы

Жетекшісі –Ербол Дүйсембіұлы Темірбаев

 

Технологиялық консалтинг және инжиниринг орталығы

Жетекшісі – Ержан Қыпшақбайұлы Әбдіқалықов

 

Білім тарату орталығы

Жетекшісі –Есенбай Исрайылұлы Исламов

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту орталығы

Жетекшісі –Ибрагим Қалмаханұлы Тойшыбеков

 

Энергия тиімділігі технологиялары орталығы

Жетекшісі – Арман Тлеулесұлы Өтепов

 

Еншілес ұйымдар:

1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС. «ТКШД ҚазҒТО» ЖШС тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдеседі. Қызметінің мақсаты  еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кешенді ғылыми-техникалық дамыуын қамтамасыз ету. «ТКШД ҚазҒТО» ЖШС қызметкерлері жаңа технологияларды әзірлеп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа енгізу жөніндегі міндеттер кешенінің тиімді шешілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

2. «Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы» ЖШС. «Астана-Қызмет» компаниясы басқарушы компаниялардың тұрғын үй иелерімен, кондоминиум объектісін басқару органдарымен және мердігер ұйымдармен бірыңғай стандарттарға және кондоминиум объектілерін басқару мен күтіп ұстау жөніндегі регламенттейтін құжаттарға негізделген өзара іс-қимыл моделін әзірлеп, байқаудан өткізеді

3. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қарағандылық орталығы» ЖШС. «ТКШ ҚарОрталығы» ЖШС өңірдегі энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласында мемлекеттік саясаттың іске асуына жәрдем көрсету үшін 2010 жылы сәуір айында құрылды.