Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

«ТКШ ҚарОрталығы»

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қарағандылық орталығы» ЖШС 2010 жылы 12 сәуірде құрылды.

МАҚСАТЫ – өңірдің энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына жәрдемдесу.

МІНДЕТТЕРІ:

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту, жаңғырту және қайта құру үшін инвестициялар тарту;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін енгізуге жәрдемдесу;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жобаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, инвесторлармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдар әзірлеу;

> өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына заманауи басқару әдістерін енгізу.

 Қызмет түрлері:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа технологияларды, заманауи басқару әдістерін енгізу;

- инвестициялар тарту, қаржыландыруды ұйымдастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қолдау, жаңғырту және дамыту жобаларын бірлесіп қаржыландыру және қаржыландыру;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін енгізуге жәрдемдесу;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік (салалық және салааралық) бағдарламалар жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу және ұсыну;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілері қызметі туралы ақпарат жинақтау, оны талдау және мүдделі жергілікті органдар мен өзге де тұлғаларға ұсыну;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілері қызметін бағалау бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу.

 

«ТКШ ҚарОрталығы» ЖШС Басқару органдары

Жоғарғы орган – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Басқару органы – Байқау кеңесі

Атқарушы орган – Директор

 

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ

Дәулет Қауазұлы Тажмакин

Дәулет Қауазұлы Тажмакин 1964 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Экономист – ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тамамдаса, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.

1993 жылға дейін Целиноград ауыл шаруашылығы институында ғылыми зерттеулерін жалғастыра жүріп, еңбек жолын Қостанай ауыл шаруашылығы институтының Саяси экономика кафедрасында ассистент қызметінен бастады.

1993 жылы «Аспект» инвестициялық-қаржылық компаниясы» АҚ (Қостанай қ.) маркетинг жөніндегі директоры болып тағайындалды.

1994-1996 жылдары «Биржалық есептік палата» АҚ (Қостанай қ.) Басқарма төрағасы лауазымын атқарды.

1996-2002 жылдары жергілікті және мемлекеттік басқару жүйесінде, яғни, Қостанай облысы әкімінің аппаратында, Қостанай облыстық ішкі істер басқармасында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2003 жылдан 2011 жылға дейін «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2011 жылы қарашада «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары» (Алматы, «Қайнар», 1993 ж.) кітабының авторы. 2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

 

Бикен Омарханқызы Байғонақова

1958 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

1982 жылы Әл Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын, 1994 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Орталық Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша, 2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тамамдаған.

1992-2002 жылдары – ШҚО бойынша салық жүйесінің Салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың (Өскемен қ.) бастығы.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық әкімшілендіру басқармасы (Астана қ.) бастығының орынбасары.

2004-2007 жылдары – «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ қаржы секторының бас менеджері, Қаржы басқармасының бастығы, Жоспарлау және қаржылық бағдарламалар департаментінің директоры.

2011 жылғы наурыз айына дейін «Қазаэросервис» АҚ-да, «ҚазАгроинновация» АҚ-да түрлі жетекші лауазымдарды атқарды.

2011 жылғы наурыз айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарады.

************

«ТКШ ҚарОрталығы» ЖШС басшылығы

«ТКШ ҚарОрталығы» ЖШС директоры

Сырым Ғалымұлы Төтеев, 1976 жылы туылған.

2008 жылғы тамыздан 2010 жылғы шілдеге дейін – «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ Экономика департаментінің бас менеджері;

2010 жылғы шілдеден 2012 жылғы қаңтарға дейін — «Агро-Консалтинг-К» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры;

2012 жылғы ақпаннан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қарағандылық орталығы» ЖШС директоры қызметін атқарады.

 

 Директор орынбасары 

Есжанов Ерболат Тәшімұлы