Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
 

Жарналар жөнінде…

Егер, кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына ай сайын жарналар құю мәселесі жөнінде пәтерлер иелерінің жалпы жиналысы өткізілмеген болса немесе өткізілген, бірақ жарналардың мөлшері туралы шешім қабылданбаған болса, ПИК пәтерлер иелерінен бұл жарналарды ай сайын құйып тұруды талап етуге құқылы ма? Егер, меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуден бас тартса (қажет болмаса), ПИК-тің жинақтау шотында қаражат жинақтау қандай мерзім ішінде жүргізіледі? Егер, үй күрделі жөндеуден өтіп қойса немесе үй пайдалануға енді берілген болса (жаңадан салынған болса), пәтерлер иелері кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына ай сайын жарналар құйып тұруға міндетті ме?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 31-бабының 8-тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейлі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.

Заңның 42-1 бабында үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралып, қабылданатындығы көзделген.

Кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауға немесе өзгертуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп ұстауға арналған жарналардың мөлшерін бекітуге, кондоминиум объектісін басқару шартын жасасу, өзгерту немесе бұзу туралы шешімдер қабылдауға, әділет органдарындағы құқықтық кадастрға өзгерістер енгізуге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге, күрделі жөндеуге), кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға және (немесе) жинақтау шотында ақша жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың сомасын айқындауға, жинақтау шотында жинақталған ақшаны жұмсауға, сервистік қызмет субъектісін таңдауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітуге қатысты мәселелер үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.

Жоғарыда көрсетілгендей, үйдің жай-күйі сол сәтте қандай жағдайда болғанына (күрделі жөндеуді қажет етеді ме, етпейді ме) қарамастан, алда күрделі жөндеу жүргізуге меншік иесінің қаражат жинақтау міндеті заңнамамен көзделген.

ПИК-тің жинақтау шотында қаражат жинақтау мерзіміне келер болсақ, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №479 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесінің 14-тармағына сәйкес күрделі жөндеу жүргізу мерзімдері техникалық жай-күйді бағалау негізінде анықталады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 41-2-бабына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындауды, кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстар сметасын келісуді тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады.