Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС

«ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ТКШД ҚазҒТО» ЖШС) «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 14 қарашадағы №5 шешімімен құрылды және ол жарғылық капиталында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның 100 %-дық қатысу үлесі бар еншілес ұйымы болып табылады.

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС-ның миссиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын ғылыми-техникалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының кешенді ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС қызметінің негізгі міндеті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу жөніндегі кешенді міндеттерді шешуді тиімді қамтамасыз ету болып табылады.

 Қызмет түрлері:

> инновациялық ресурс үнемдеу технологияларының, материалдарының, техникалық және басқарушылық шешімдердің, озық тәжірибенің трансферті және оларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа енгізу;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге қатысу;

> тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысу, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы тұтыну және жұмсау нормаларын ғылыми негіздеу

> талдамалық және болжамдық зерттеулер жүргізуге, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін жетілдіруге және енгізуге қатысу;

> ғылыми-техникалық қызметке арналған және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа ресурс үнемдеу материалдарын, технологияларын, техникалық және басқарушылық шешімдерді, әлемдік тәжірибені енгізуге арналған ғылыми-техникалық инфрақұрылым құруға, оны басқаруға, пайдалануға және дамытуға қатысу;

> ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер нәтижелерін коммерцияландырумен және шетелдік технологиялар трансфертімен байланысты қаржылық-экономикалық, құқықтық, техникалық-технологиялық және басқа да сараптамалар жүргізуге қатысу;

> ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді коммерцияландырумен және шетелдік технологиялар трансфертімен байланысты жобаларды, оның ішінде маркетингтік қызметтерді, бизнес-жобалауды және инвестициялық жобалауды дайындауға және басқаруға қатысу;

> ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді коммерцияландырумен және шетелдік технологиялар трансфертімен байланысты, оның ішінде инновациялық кәсіпорындарды құруда инвестициялық қызметке қатысу;

> зияткерлік меншік мәмілелерін патенттік және лицензиялық қолдау, зияткерлік меншікті пайдалану құқығын, шетелдік және отандық инновациялық кәсіпорындардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу және сату бойынша қызметтер көрсетуге қатысу;

> технологиялық аудит, энергетикалық аудит жүргізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің техникалық жай-күйін бағалау бойынша қызметтер көрсетуге қатысу;

> сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы жобалау-технологиялық және жобалау-ізденушілік қызметке, сараптамалық жұмыстар мен инжиниринг қызметтерін көрсетуге қатысу;

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Жоғарғы орган – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Басқару органы – Байқау кеңесі

Атқарушы орган – Бас директор

Байқау кеңесінің мүшелері:

Дәулет Қауазұлы Тажмакин 

Дәулет Қауазұлы Тажмакин 1964 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Экономист – ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тамамдаса, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.

1993 жылға дейін Целиноград ауыл шаруашылығы институында ғылыми зерттеулерін жалғастыра жүріп, еңбек жолын Қостанай ауыл шаруашылығы институтының Саяси экономика кафедрасында ассистент қызметінен бастады.

1993 жылы «Аспект» инвестициялық-қаржылық компаниясы» АҚ (Қостанай қ.) маркетинг жөніндегі директоры болып тағайындалды.

1994-1996 жылдары «Биржалық есептік палата» АҚ (Қостанай қ.) Басқарма төрағасы лауазымын атқарды.

1996-2002 жылдары жергілікті және мемлекеттік басқару жүйесінде, яғни, Қостанай облысы әкімінің аппаратында, Қостанай облыстық ішкі істер басқармасында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2003 жылдан 2011 жылға дейін «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2011 жылы қарашада «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары» (Алматы, «Қайнар», 1993 ж.) кітабының авторы. 2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев 1971 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында туылған. 2002 жылы Алматы технологиялық университетін «Инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазтұтынушыодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын коммерциялық салада 1993 жылы, мемлекеттік басқару жүйесінде 1999 жылы бастаған. Алкогольді өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының Бақылау бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2001 жылы аталған ведомствоның Бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2006 жылға дейін Қостанай қ. Салық комитетінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі.

2007 жылы — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Телекоммуникация және аэронавигация саласындағы реттеу және бақылау департаменті директорының орынбасары.

2008 жылы — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаментінің директоры.

2008-2010 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (Көкшетау қ.) директоры.

2010-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (Астана қ.) төрағасының орынбасары.

2011 жылғы қарашадан 2012 жылғы қаңтарға дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы ақпан айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарушы директоры-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту департаментінің директоры болып тағайындалды.

Рауан Ерұланқызы

Рауан Ерұланқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітірсе, кейін Қазтұтынушыодағы Қарағанды кооперативтік университетінің магистратурасын «Менеджмент» мамандығы бойынша тамамдаған.

Біліктілікті артыру бойынша қосымша курстарды Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өтіп келді, кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында Вашингтон, Бойз (АҚШ) қалаларында болды. 2005-2006 жылдары Қарағанды облысы Жастар мәслихатының депутаты болып сайланды.

Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне қарасты «ҚазАТО» халықаралық автотасымалдаушылар одағы» АҚ менеджері қызметінен бастады. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінде жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары Қарағанды облысы әкімдігіне қарасты «Агро-Консалтинг-К» АҚ-да Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры лауазымын атқарды. 2011 жылғы қазан айынан бастап — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Инновациялық саясат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

***

«ТКШД ҚазҒТО» ЖШС басшылығы

Бас директор – Дамир Алтынбекұлы Егізбаев

    MBA магистрі

1980 жылы Алматы қаласында туылған. 2003 жылы Брюссель еркін университетін — VUB — Free University of Brussels, Бельгия MBA (Master of Business Administration) бітірген. Іскерлік басқару магистрі, бестен аса ғылыми еңбектің авторы.

Еңбек жолын 2004 жылы «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ менеджері қызметінен бастады, кейін Инновациялық инфрақұрылымды дамыту департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2007 жылы Инновациялар инжинирингі департаментінің директоры болып тағайындалды.

2007 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қараша айына дейін «ҚазАгроИнновация» АҚ Инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2009 жылы желтоқсанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Түрлі жылдарда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-да және «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдамалық орталығы» ЖШС-да жетекші лауазымдарда жұмыс істеді.

20011 жылғы қараша айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Бас директоры болып қызмет атқарады.

«Академик А.И.Бараев. Туылғанына 100 жыл» естелік медалімен марапатталған.

 

Бас директордың орынбасары – Есенбай Исраилұлы Исламов

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1986 жылы Алматы зооветеринариялық институтын бітірген.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, алпыстан аса ғылыми еңбектің авторы.

1992-2007 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті (Алматы қ.) жануарлар селекциясы мен биотехнологиясы кафедрасының ассистенті, доценті, МЖБС басқару секторының меңгерушісі.

2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы желтоқсанға дейін – «ҚазАгроИнновация» АҚ (Астана қ.) Білім беру жүйесін дамыту департаментінің директоры.

2009 жылғы қыркүйек айынан бастап «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылғы қаңтар айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болған, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген білім беру қызметкері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

 

Бас директордың орынбасары – Нұржан Жомартұлы Мүслімов

Техника ғылымдарының кандидаты

1977 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Елуден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 өнертабыстың авторы.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Астық және өңдеу өнімдері ҒЗИ «Астық өңдеу кәсіпорындарының техникасы мен технологиясы» зертханасының меңгерушісі.

2004-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Астық және өңдеу өнімдері ҒЗИ ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.

2009 жылғы мамыр-желтоқсан – «Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты» РМҚК зертханасының меңгерушісі.

2011 жылғы қыркүйек айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат департаментінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылғы қаңтар айында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

 

Бас директордың орынбасары – Дмитрий Викторович Яровой

1971 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген.

ҚазПТИ-дің Ақтау қаласындағы филиалын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Ақтау қаласындағы филиалында инженер-бағдарламашы қызметінен бастады.

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.

1999-2000 жылдары — «Нефтемашсервис» ЖАҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы директорының бірінші орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті «Электрондық коммерция орталығы» РМҚК директорының орынбасары.

2009 жылдан 2011 жылға дейін «ITC Partners» ЖШС (Астана қ.) директоры лауазымын атқарды.

2012 жылғы қаңтардан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

БАЙЛАНЫСТАР:

 

Мекенжайы: Сол жағалау, Сығанақ к., 29, «Евроцентр» бизнес орталығы,      18-қабат
010000, Астана қ., Есіл ауданы

Бас директор – Дамир Алтынбекұлы Егізбаев

Қабылдау бөлімі:+7 (7172) 79-64-28, e-mail:

Бас директордың орынбасары –  Есенбай Исраилұлы Исламов,

+7 (7172) 79-64-28

Бас директордың орынбасары —  Нұржан Жомартұлы Мүслімов,

+7 (7172) 79-64-41

Бас директордың орынбасары — Дмитрий Викторович Яровой,

+7 (7172) 79-64-28

Білім тарату орталығы

+7(7172) 79-64-46

Инжиниринг және технологияларды коммерцияландыру орталығы

Орталық жетекшісі — Тимур Жомартұлы Ахметқалиев,

+7(7172) 79-64-11

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты инновациялық дамыту стратегиясы орталығы

Орталық жетекшісі – Владимир Александрович Чжен,

VA0982gmail.com

Сумен жабдықтау және су тарту зертханасы

Орталық жетекшісі — Асқар Абашұлы Абиров

+7 (7172) 79-64-28, e-mail:

Қатты тұрмыстық қалдықтар зертханасы

+ 7 (7172) 79 -64-49

Энергия үнемдеу зертханасы

+7 (7172) 79-64-28

Жылумен жабдықтау зертханасы

+7 (7172) 79-64-28

 

Біздің деректемелеріміз:

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС

СТН: 620500002400

БСН: 091140006398

Е/ш: KZ 919650000155369768

БСК: IRTUKZKA

Банк: «Альянс банк» АҚ

Нақты мекенжайы:  Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ к., 29

Заңды мекенжайы:  Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ к., 29