Қазақша

Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында
Халқымызда «Жас келсе іске…!» деген аталы сөз бар. Бұл қайбір ел болмасын, оның өсіп-өркендеуі мен алға қойған мақсаттарына жетуі үшін ең алдымен жастардың білек сыбана қызмет етуі қажет екендігін меңзеп тұр. Демек, сан ғасырлар бойы ұлттық ұстанымына берік Қазақ елінің өркендеуі үшін де жастардың қосар үлесі қомақты. Енді, жастардың ел өміріндегі орнына қатысты пәлсапалық тұжырымды өз саламызға қатысты тарқатып көрелік.

Өткен 2011 жылдың 30 сәуірінде ел Үкіметі Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаның негізгі ұстанымы оның атауында айшықталғанындай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту болып табылады. Бұл ретте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының ел экономикасының ең ауқымды құрамдас бөліктерінің бірі екендігін, сондықтан бір тақырыптың аясында саланың барлық мәселелелерін қаузап шығу мүмкін еместігін атап өту қажет. Сан қырлы саланың бүгінгі мақаламызға арқауы – энергия үнемдеу саясатын насихаттау.

Табиғатта, энергия көздерінің сарқылатын және сарқылмайтын түрлері болатындығы жаратылыстану ғылымдарынан орта мектептік білімі бар адамдар үшін белгілі нәрсе. Энергияның сарқылатын түрлерінің басым көпшілігі бүкіл әлем бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кеңінен қолданылады. XXI ғасыр өзінің ғылыми-техникалық жетістіктерімен қоса, энергия көздеріне деген алапат сұранысымен де табалдырық аттады. Табиғаттағы қоры күн санап кеміп бара жатқан энергия түрлеріне алаңдаушылық білдірген әлем елдері бүгінде бұл мәселені халықаралық деңгейде қарастырып, алғашқы орынға  шығарып отыр. Бұл игі үрдістен еліміз де шет қалмақ емес. Мұның жарқын дәлелі 2012 жылдың 13 қаңтарында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңның негізгі мақсаты ел экономикасының барлық салаларында энергия үнемдеуге жұмыс жасау болса, бұл игілікті істі халық арасында кеңінен насихаттау заман талабы деп есептейміз.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бастамасымен қолға алынып, бекітілген Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын да іске асырудағы негізгі мақсат та энергия-ресурс үнемдеуге қол жеткізу.

Шынын айту керек, XX ғасырдағы еліміз басынан өткізген қоғамдық-экономикалық формация, азаматтардың санасында да өз ізін қалдырды. Бағдарламаны әзірлеу барысында жан-жақты зерделеу жүргізген мамандар батыс елдерімен салыстырғанда біздің азаматтарда энергия үнемдеу деңгейі біршама төмен екендігін айтып отыр. Сондықтан еліміз бойынша халық арасында, соның ішінде өскелең ұрпаққа энергия көздерін үнемдеуді, ұқыптылықпен, ысырапсыз пайдалануды насихаттау кезек күттірмейтін мәселе.

Энергия үнемдеу саясатын қалың бұқараға кеңінен насихаттау жұмыстарына ел Үкіметі қомақты қаржы да қарастырып отыр. Бюджет қаражатын пайдалана отырып, болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалатын қадамдарды ақпараттық-танымдық насихаттау бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1725 Қаулысымен құрылған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы іске асырып келеді.

2012 жылы 007 «Әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасын «Энергия үнемдеу саясатын насихаттау» бөлігінде іске асыру шеңберінде бірнеше бағытта республика ауқымында атқарылуы көзделген көптеген іс-шаралар қаралған. Солардың бірі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында орналасқан жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арнап, тұрмыста энергия үнемдеуге, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақыратын семинарлар, лекциялар өткізу болып табылады.

Үстіміздегі сәуір-мамыр айларында еліміздің 6 өңірінде жастардың қатысуымен аталмыш тақырыпта семинарлар өткізілді. Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде ұйымдастырылған семинарға 20 студент қатысса, Ақтау қаласындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде өткен семинарға 60 студент қатысып, энергия көздерін үнемдеу, қуат көздеріне ұқыптылықпен қарау саласында пікір алмасуға белсенді атсалысты. Бұған қоса, Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің инженерлік факультетінен 44 студенттің қатысуымен, Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінен 53 студенттің қатысуымен, Қызылорда қаласында Қызылорда агротехникалық колледжінен 24 студенттің қатысуымен және Петропавл қаласында Петропавл құрылыс-экономика колледжінің 37 студентін қатыстыра отырып, семинарлар жүргізілді. Жалпы семинарларға жоғарыда аталған 6 жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 238 тыңдаушы қатысқандығын атап өткеніміз жөн.

Семинарлар барысында студент жастарға қарапайым күнделікті тұрмыста суды, жылуды, электр энергиясын қалай үнемдеуге болатындығы жөнінде, қандай тұрмыстық техникалар энергия үнемдеуге қолайлы екендігі туралы презентация жасалынды. Семинар барысында жастар тарапынан да соңғы инновациялық технологиялар жөнінде, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына қалай қатысуға болатындығы жөнінде, тұрмыста энергия көздерін үнемдеу үшін тұрмыстық техникалардың қандай ерекшеліктеріне баса мән беру қажет екендігі жөнінде көптеген сұрақтар қойылып, жастарымыз бұз өзекті мәселеге бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.

Бір айта кетерлік жайт, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында және өткізілетін шаралардағы берілетін ақпараттардың бірізділігін қамтамасыз ету үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2011 жылы жастардың энергия тиімділігі туралы білім деңгейін арттыруға арналған әдістемелік құрал әзірлеген болатын. Семинарлар осы әдістемелік құралдың негізінде жүргізілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Білім тарату орталығы өңірлік филиалдардың көмегімен жаңа оқу жылы басталысымен еліміздің басқа да облыс орталықтарындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында тағы 10 семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Семинарларға қатысқан жастар күнделікті тұрмыста қолданып жүрген жарықты, су мен жылуды өндіру үшін қаншама табиғи қор жұмсалатындығын, соның нәтижесінде еліміздің экологиясына орны толмас зардаптар келетіндігін түсініп, бұдан кейінгі өмірінде ысырапшылдыққа жол бермей, энергия көздеріне ұқыппен қарауға дағдыланса, семинарлар мақсатының орындалғаны деп білеміз.

Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды
7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды.

Парламенттік тыңдауда халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін Парламент депутаттары, Үкімет пен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, ТКШ ұлттық палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» және коммуналдық шаруашылықтар мен бірқатар құрылыс компанияларының өкілдері талқылады.

Бағдарламада елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басым міндеттерінің бірін шешу үшін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған.

Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Парламенттік тыңдауға қатысушыларға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғын үй мәселесін шешудің барлық жолдарын көрсетті, барлық әлемдік тәжірибені енгізді. Оған мемлекет тарапынан тиісті қаражат та бөлініп жатыр. Ендігі мақсат – осы үлкен бастаманың өз уақытында, сапалы және тиімді орындалуына қол жеткізу», – деп талқыланатын сұрақтың, барлық елдерде, барлық мемлекеттер де өте маңызды екендігін, бұл біздің Қазақстан үшін де әрдайым бірінші кезекте тұратын негізгі мәселе болып табылатындығын мәлімдеді.

Бағдарлама негізінде тек жаңа үйлер ғана салынбайды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға, ескі үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге де назар аударылатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру орташа тап пен халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған тұрғын үй құрылысын: мемлекет қаражаты есебінен коммуналдық тұрғын үй мен қолжетімді тұрғын үйдің құрылысын, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйдің құрылысын ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй мәселесін қалай шешуге болады? Парламенттік тыңдауда осы сұраққа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Елеуұлы Көшербаев,  Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Кеңесұлы Нокин,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тыңдауды дайындау жөніндегі уақытша арнайы комиссияның басшысы Майра Айсина өздері білетін тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған тақырыпқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рауан  Шаекин, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Бектас Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Соловьева мен Николай Логутов, «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева, «ASI» инвестициялық құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Сергей Котляров, Қазақстанның Азаматтық Альянсының бірінші вице-президенті Салтанат Рахымбекова, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов, Астана қаласы Күйші Дина көшесі бойындағы № 37 үй тұрғындары кеңесінің төрайымы Ольга Кекк, Нейрохирургия республикалық ұлттық орталығының бас маманы Боранқұл Қанафин жарыссөзге шықты.

Парламенттік тыңдауға қатысушылар айтылғандарды назарға ала отырып, Мемлекет басшысының қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары негізінде тұрғын үй мәселелерін дұрыс шешу халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттыруға, Қазақстанда әлеуметтік тұрақтылықты, экономикалық және демографиялық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ескере отырып Парламент, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы ұйымдардың азаматтардың тұрғын-үй жағдайын шешу мәселесіне қатысты тиімді істер атқаруын ескеріп, нақтыланған ұсыным жасайтын болды. Оны толықтыру парламенттік тыңдауды дайындау жөніндегі уақытша арнайы комиссияға тапсырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде?
Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеудің қалыптасып отырған практикасы инновацияларды кеңінен қолдануға септігін тигізбейді. Бұл нормативтік-техникалық құжаттаманың әлемдік ғылым мен техникада орын алып жатқан өзгерістерге кешігіп бет бұруына тікелей байланысты.

Пилоттық режимде мұндай жағдайды шешу үшін 2010 жылдың маусым айынан бастап, «Мемсараптама» РМК ТКШ саласындағы жаңа технологиялар қолданылатын құрылыс жобаларына сараптама жүргізуі кезінде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның сараптамалық қорытындысын алу талап етілді.

Тиісінше, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның мұндай қорытынды беруі үшін тиісті регламенттеуші құжаттар әзірленді. Онда өтінімдердің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар белгіленіп, жаңа технологияларға ішкі және сыртқы сарапшылармен бағалау жүргізу, сондай-ақ Ғылыми-техникалық кеңестің шешім қабылдау тәртібі анықталды.

2010-2011 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың түрлі салаларындағы 19 технологияны (10 шетелдік, 9 отандық технология) қарап, Қазақстан аумағында енгізуге ұсыныс бердік.

Арада бір жарым жыл өткеннен соң ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі (Агенттік) Агенттіктің инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған ведомстволық жоспары шеңберінде құрылыс үшін де, ТКШ үшін де инновациялық технологияларды қолдану бөлігінде жобаларға техникалық-технологиялық сараптама жүргізудің жалпы қағидасын бекіту туралы шешім қабылдады.

Осының арқасында, нормативтік-техникалық құжаттамада жоқ болса да, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта жаңа техникалық шешімдерді қолдану мүмкіндігі туды.

Сонымен бірге, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ білім тарату механизмдері арқылы қызығушылық танытқан тұлғаларға инновациялық әзірлемелер туралы ақпарат жеткізуде.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өткен жылдан бері бүкіл республика бойынша міндетті түрде инновациялық өнімдерді таныстыра отырып, тақырыптық конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіп келеді. Бұларға тыңдаушылар ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың түрлі өкілдері – кондоминиум объектісін басқару органдарының, сервистік компаниялар мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Баяндамашылар ретінде сала үшін тиімді техникалық идеялар мен шешімдер ұсына алатын компаниялар шақырылады.

Осы бағыт аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында өз алдына энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологиялары мен материалдарын таныстыруға және оларды ілгерілетуге арналған алаңқайлар болып табылатын үш энергия тиімділігі орталығын салу болып отыр.

Аталған орталықтарда ғимараттардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін озық энергия тиімділігі технологиялары мен материалдары орнатылатын болады. Сондай-ақ, мұнда энергия үнемдеу секторындағы ең мықты отандық және шетелдік лекторларды тарта отырып, жаңа технологиялар мен басқарушылық шешімдерге үйрету жолымен құрылыс және ТКШ саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы?
Кредит берудің нөлдік мөлшерлемесімен жөндеуге шамамен триллион теңге айтарлықтай бюджет қаражатын бағыттап отырған мемлекет бұл шарадан қандай пайда көрмек? Ал, тұрғындардың пайдасы қандай?

Пайдасы екіжақты. Тікелей пайдасы – бұл жылуға және электр тұтынуға кететін шығындардың екі есеге дерлік төмендеуі. Өйткені, жылуды текке жоғалту азаяды. Тұрғындарға қатысты екінші пайдасы, пәтерге кез-келген жөндеу жүргізілгеннен кейін, оның нарықтық құны айтарлықтай жоғарылайды. Пәтер ішіне қандай да бір жөндеу жүргізілсе де, сатып алушы алғаш келгенде алдымен жалпы үйдің жай-күйіне мән береді.

Жекелеген әкімдіктердің ақпараты бойынша жөндеу жүргізілген үйлердегі пәтерлердің бағасы 30-40%-ға өскен. Бұл тұрғындардың жанама пайдасы. Мемлекеттің пайдасы – энергия үнемдеу көлемін айтарлықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін энергия тиімділігі технологияларын енгізуде.

Жарналар жөнінде…
Егер, кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына ай сайын жарналар құю мәселесі жөнінде пәтерлер иелерінің жалпы жиналысы өткізілмеген болса немесе өткізілген, бірақ жарналардың мөлшері туралы шешім қабылданбаған болса, ПИК пәтерлер иелерінен бұл жарналарды ай сайын құйып тұруды талап етуге құқылы ма? Егер, меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуден бас тартса (қажет болмаса), ПИК-тің жинақтау шотында қаражат жинақтау қандай мерзім ішінде жүргізіледі? Егер, үй күрделі жөндеуден өтіп қойса немесе үй пайдалануға енді берілген болса (жаңадан салынған болса), пәтерлер иелері кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына ай сайын жарналар құйып тұруға міндетті ме?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 31-бабының 8-тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейлі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақтау шотына үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.

Заңның 42-1 бабында үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралып, қабылданатындығы көзделген.

Кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауға немесе өзгертуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп ұстауға арналған жарналардың мөлшерін бекітуге, кондоминиум объектісін басқару шартын жасасу, өзгерту немесе бұзу туралы шешімдер қабылдауға, әділет органдарындағы құқықтық кадастрға өзгерістер енгізуге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге, күрделі жөндеуге), кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға және (немесе) жинақтау шотында ақша жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың сомасын айқындауға, жинақтау шотында жинақталған ақшаны жұмсауға, сервистік қызмет субъектісін таңдауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітуге қатысты мәселелер үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.

Жоғарыда көрсетілгендей, үйдің жай-күйі сол сәтте қандай жағдайда болғанына (күрделі жөндеуді қажет етеді ме, етпейді ме) қарамастан, алда күрделі жөндеу жүргізуге меншік иесінің қаражат жинақтау міндеті заңнамамен көзделген.

ПИК-тің жинақтау шотында қаражат жинақтау мерзіміне келер болсақ, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №479 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесінің 14-тармағына сәйкес күрделі жөндеу жүргізу мерзімдері техникалық жай-күйді бағалау негізінде анықталады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 41-2-бабына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындауды, кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстар сметасын келісуді тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады.

Көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу мен жаңғыртуға ақы төлеуге қажетті соманы қалай есептеген дұрыс?
Үйді күрделі жөндеуге арналған шығыстар сметасында көрсетілген сома үйдегі пәтерлер мен үй-жайлардың жалпы алаңына бөлініп, сосын нақты меншік иесі пәтерінің жалпы алаңына көбейтіледі. Мысалы:

1)  Үйді терможаңғырту арқылы күрделі жөндеуге арналған шығыстар сметасында көрсетілген сома – 32 000 000 теңге;

2)  Үйдегі пәтерлер мен үй-жайлардың жалпы алаңы – 4 534 ш.м.;

3)  Нақты меншік иесі пәтерінің жалпы алаңы – 55,0 ш.м.

32 000 000 /4 534 * 55,0 = 388 178 теңге – бұл үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін нақты меншік иесінің төлеуі тиіс қаражат сомасы.

388 178 теңге сомасы сіздің пәтеріңізге салынған ақша, сондықтан да сіздің баспанаңыздың нарықтық құны тиісінше өседі.

Коммуналдық қызметтер дегеніміз не?
Коммуналдық қызметтер — тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер.

Пәтер иесіне ПИК-тің кінәсінен келтірілген залалды кім өтеуі тиіс?
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 42-бабының 9-тармағына сәйкес егер, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкін күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын жекелеген үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлар (пәтерлер) иелеріне шығын келтірілсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті. Заңның 45-бабына сәйкес ПИК мүшелері (яғни, меншік иелері) кооператив қарыздары бойынша жауап бермейді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асырушы тұлғалар өз міндеттерін дұрыс орындамауы нәтижесінде келтірілген залалды кооператив есебінен емес, өздері өтейді.

Қызмет көрсетуші компаниялардың тұрғын үйді күтіп ұстағаны үшін төлем сомасын бекіту мөлшерлерінде шектеулер бар ма және бұл сома неден қалыптасады? Және де тұрғын үйді күтіп ұстау мен оны күтіп ұстағаны үшін ақы төлеу тәртібі қандай нормативтік актілермен реттеледі?
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 2-бабының 12) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісі — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен.

Ал, кондоминиум — үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайдағы жылжымайтын мүлікке меншік нысаны.

Осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi күтіп ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

Заңның 2-бабының 40) тармақшасына сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алудың үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлар (пәтерлер) иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.

Заңның 10-2-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі әзірленіп, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №479 бұйрығымен бекітілді.

Әдістемеге сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органы көрсетуді қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің тізбесі кондоминиум объектісін басқару шартымен айқындалады.

Ұсынылып отырған әдістеме ортақ мүлікті күтіп ұстау жөніндегі сервистік қызмет субъектілері шығыстарының толық тізбесінің болуын болжамайтындығын айта кеткен жөн.

Ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарына:

1) материалдық шығындарға жұмсалатын шығыстар;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;

3) мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жұмсалатын шығыстар;

4) үйдің маңындағы аумақты, жер учаскелерін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар;

5) үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алуға жұмсалатын шығыстар кіреді.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстар тұрғын үйлердің типіне, қабаттылығына, кіреберістердің санына, конструктивтік ерекшеліктеріне және салынған құрылыстың өзге де жеке ерекшеліктеріне, олардың техникалық жай-күйі мен табиғи тозу дәрежесіне байланысты қалыптасады.

Үйге ортақ мұқтаждықтарға тұтынылған коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысында анықталып, төменде көрсетілген есептеудің екі нұсқасының бірі қабылданады.

Бірінші. Кондоминиум объектісін басқару органы (ПИК) есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша үйге ортақ қажеттерге өз қаражаты есебінен ақы төлеуі. Бұл ретте қажетті шығыстар сомасы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға кететін шығындарға жатқызылады.

Екінші. Үйге ортақ мұқтаждықтар үшін ақы төлеуді жасалған шарттарға сәйкес тікелей энергиямен жабдықтаушы ұйымға үй тұрғындарының өздері төлеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінің 28-тармағына сәйкес ПИК пайдалану жауапкершілігі шегінде орнатылған есепке алу аспабы бойынша, белгіленген тәртіпте бекітілген тариф бойынша, үйге ортақ мұқтаждықтарға жұмсалған энергия үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 42-1-бабына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралып, қабылданады.

Егер, пәтерлер иелері меншік иелерінің жалпы жиналысында электр энергиясы бойынша үйге ортақ мұқтаждықтарға ақыны дербес төлеу үшін дауыс бермесе, онда ақы төлеу жөніндегі міндет кондоминиум объектісін басқару органына (ПИК) жүктеледі, ал, ол, өз кезегінде, бұл шығындарды тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған пайдалану шығыстарының құрамында аталған төлемді алу кезінде ескеруі тиіс.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелері жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

Қабылданған шешім барлық үй-жайлар (пәтерлер) иелері үшін міндетті болып табылады және үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің еркін білдіруі ретінде соттарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде дауларды және өзге де мәселелерді қарау үшін жарамды құжат болып табылады.

Осыған байланысты, ортақ мүлік пен үйді күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстармен байланысты мәселелерді үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысында талқылау қажет.

ПИК орнатқан есептегіштер үшін кім төлеуі керек?
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес қызметтерді тұтынушы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi күтіп ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

Ортақ мүлiктi күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер, меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.